| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Мекептің ас мәзірі |
Байсерке ауылы №12 жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік комиссия тарапынан асхана жұмысына жоспарлы тексеріс 17 қазан 2025 ж.жүргізілді.
Тексеру барысында санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, тағамдардың сапасы мен сақтау шарттары, ас мәзірінің үйлесімділігі және асхана қызметкерлерінің арнайы киіммен қамтамасыз етілуі қаралды.
Комиссия мүшелері жалпы тазалық деңгейінің жақсы екендігін атап өтті. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі тұрақты бақылауда.
Асхана жұмысы бойынша ескерту мен ұсыныстар тіркеліп, тиісті шаралар қабылданатын болады.
Мақсат - оқушылардың денсаулығын қорғап, сапалы және қауіпсіз тағаммен қамтамасыз ету.