Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Мемлекеттік мекемесінің "№12 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі"
Жүгіру жолы
Мемлекеттік мекемесінің "№12 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі"

№12 орта мектебінде «2025-2026 оқу жылында мектеп оқушыларын тегін тасымалдауды» ұйымдастыру туралы мектепішілік бұйрық шығарылды. Білім алушыларды тасымалдау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы Заңының 6-бабына және Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәірдегі №158 бұйрығының 9-қосымшасын басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Осы құжатты басшылыққа ала отырып «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдары және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары негізінде жүргізіліп, тасымалданатын білім алушылардың тізімі бекітілді. Биылғы оқу жылында тасымалданатын білім алушылар саны 468. Байсерке ауылына қарасты 12 саяжайдан тасымалданады. Білім алушыларды ЖК «БИЛМАХАНБЕТОВА»-ның екі автобусы тасымалдайды Автобус құжаттары толық. Жүргізушілерге қазан айы бойынша нұсқамалықтар берілді. Тасымалдауға байланысты тиісті құжаттар өз деңгейінде рәсімделді. Саяжай білім алушыларына қауіпсіздік ережелері таныстырылып, арнайы басталған журналға қол қойдырылды. 
Барлық оқушыларға автобусқа отыру, түсу, бір-бірін тосу туралы нұсқамалықтар беріледі. Жол қауіпсіздік ережелері бойынша сынып жетекшілері үнемі оқушыларымен қауіпсіздік ережелері туралы, оқушыларға автобустың ішіндегі тәртібі жайлы сынып сағаттарында айтып, түсінік жұмыстарын жүргізіп отырады.