2025 жылдың 3 қарашасынан бастап Байсерке ауылындағы Жаңақұрылыс шағын ауылында тұратын ата-аналардың өтініштері бойынша №12 орта метепке Жаңақұрылыста тұратын балаларды мектепке әкеліп және кері қарай үйлеріне апару үшін тегін тасымалдау ұйымдастырылды. Бір автобус бөлініп, 77 бала тасымалданады. Тасымалданатын білім алушыларға автобус ішіндегі тәртіп, автобустан түсу, отыру ережелері таныстырылды. Тасымалдаушы мекеме «Мүбәрәк Н». Білім алушыларға жол қауіпсіздік ережелері таныстырылып, арнайы журналға қол қойдырылды. Автобус жүргізушісіне арнайы нұсқамалықтар берілді.
